Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы
Жеке қор дегеніміз не
Жеке қор — адамның өмірін тек мемлекеттік қайраткер ретінде ғана емес, жеке тұлға ретінде де ашатын құжаттар, фотосуреттер және басқа да материалдар жиынтығы: өмірінің әртүрлі кезеңдеріне қатысты құжаттар, хат-хабарлар, наградалар мен естелік заттар. Бұл материалдар оның өмірі, отбасы, қызметі және қалыптасу жолындағы оқиғалар арқылы тұлғаның тарихын көруге көмектеседі.
Г.Н.Әбдіқалықованың жеке қоры сақталатын архив — Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві.
Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері
Мемлекет қайраткерінің өмірбаяны
Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова 1965 жылғы 15 мамырда Қызылорда облысы Сұлу-Төбе ауылында дүниеге келген. 1987 жылы институтты бітіріп, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде еңбек жолын бастады.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жұмыс істеді, онда маманнан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне дейінгі жолды өтті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Премьер-Министрдің орынбасары және Мемлекеттік хатшысы қызметтерін атқарды.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды және Әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарды. 2020 жылдан 2022 жылға дейін Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарып, тәуелсіз Қазақстан тарихында облысты басқарған алғашқы әйел болды.